Актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

445

0

Фото: instagram.com/a_zavorotnyuk

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында қайтыс болды. Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актриса ұзаққа созылған дерттен кейін қайтыс болды.

«Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<