Бала – отбасының байлығы

171

0

Қазақта “балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар” деген мақал бар. Бұл мақал отбасындағы бала рөлінің маңыздылығын дәл бейнелейді. Бала отбасыға бақыт әкеліп, шаттық пен ырыс сыйлайды. Шақалақтың дүниеге келуі – әр шаңырақ үшін үлкен қуаныш. Ол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігін артырып, жақындастырады.


Үй ішіне енетін жылу мен қуанышты “базар” деп суреттеуге болады. Балалары болмай, тарап кетіп жатқан отбасылар қаншама?! Ерте заманнан қазақ халқы бала тәрбиесіне мол көңіл бөлген. Олар бала бойына құндылықтар мен адамгершілікті сіңіруге тырысқан.


Болашақта ересек адам ретінде қалыптасқан баланың тұлғалық бейнесінде ата-ананың ізі болады. Сондықтан әке мен ана өз үлгісі ретінде балаларының бойында тәрбиелік дағдыларды қалыптастырады.

Француз социологы және философы Огюст Конт «Қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін жалғастырушы» деп айтқан екен. Сол сияқты отбасы – мемлекеттің келешегі, бала – отбасының байлығы.

Балалардың жақсы тәрбиесі мен сапалы білім алуы – қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты қайнар көзі. Сапалы білім мен жақсы тәрбие беру – ата-ана мен қоғамның міндеті. Балалар қорғанысқа мұқтаж. Оларды барынша баптап, тым ерте солып кетпеуіне жағдай жасасақ, болашақтың тек қана жарқын болатынына сенімділікпен қарай аламыз.

фото ашық дереккөзден

Аделя Рахымжан,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<