Жүйелі мәселелер ұдайы бақылауда

393

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елдің экономикалық дамуына кедергі келтіретін қылмыстарды анықтап, тергеп және олардың шешілуіне жұмыс жасайды. Облыстағы жүйелі мәселелерді департамент ұжымы ұдайы бақылауда ұстап отырып, бірнеше бағытқа бөліп талдау жасайды.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Жанадилов пен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Нұрбол Әлкебайұлы баяндап берді.

– Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссия ай сайын жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік тауарларына (күріш, тұз) бағаны негізсіз көтеру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуші делдалдардың бағасын қадағалайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сату барсындағы үстемесін асыру бойынша екі жылда 31 факті анықталған. Бағаны негізсіз көтергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім шарттар жасалғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар картоп, сәбіз, қырыққабат секілді 11 тауардың бағасы төмендетілді, – деді Нұрбол Әлкебайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<