Ер адам спортзалға бармай-ақ 23 келі артық салмақтан арылған

431

0

Фото: pexels.com

Үндістандық ер адам дұрыс тамақтану мен жаяу жүрудің арқасында спортзалға бармай-ақ 10 айда 23 келіге арықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times of India порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фитнес жаттықтырушысы Сатей Гохелдің айтуынша, оған Нирадж есімді кәсіпкер арықтағысы келгенін айтып, өтініш білдірген. Ер адамның жұмыс кестесі өте тығыз болғандықтан спортзалға бара алмаған.

Жаттықтырушы Гохелдің сөзінше, ол оған көкөністер мен вегетариандық протеин алмастырғыштарға негізделген арнайы диета әзірледі. Осылайша, Нирадж панир ірімшігін, соя мен бұршақ жеп, сарысу ішті. Сонымен қатар ол қант тұтынуды айтарлықтай азайтты. Гохель жаттығу залында жаттығудың орнына Нираджға көбірек жүруді және үйде жаттығуды ұсынды.

Әуел баста, ер адамға күніне 10 мың қадам жүру қиын болғанымен, көп ұзамай бұл оның күнделікті жұмысының қалыпты бөлігіне айналды. Нирадж үйде гантельмен жаттығулар жасаған.

Жаттықтырушы Нираджға мотивация беріп, қайтадан толып кетпеуі үшін күн сайын телефон соққанын айтты.

Жиі қадағалау мен жаттығудың арқасында ол 10 айда 91,9-дан 68,7 келіге дейін арықтаған. Қазір ер адам қайтадан сүйікті тағамдарын жеп жүр. Бұған қарамастан ол шынығуды жалғастырып, дене пішінін сақтау үшін 10 мың қадам жүреді.

Еске салайық, бұған дейін семіздік бойынша денсаулық сақтау саласының маманы Аманда Блэк диетаның салмақ тастау кезінде тиімсіз деп айтқанын жаздық. Аманда Блэктің айтуынша, салмақ тастауда кей азық-түлік түрлеріне шектеу қою қажет. Маман өзіңізді қинап, аш жатудың немесе дәмсіз тамақ жеудің қажеті жоқ екенін айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<