Аймақ журналистикасындағы абыройлы белес

466

0

Фото: ашық дереккөз

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің «Facebook» әлеуметтік парақшасында облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидиновті бүгінгі наградасымен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Астанадан ақжолтай жаңалық жетті. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ақордадағы салтанатты жиынға тек республикалық ақпарат құралдарын ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдерін жинады.


«Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.


Сонымен қатар, Президентіміз отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленген Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов те бар. Бұл – Сыр журналистикасының, алдағы 1 шілдеде жарық көргеніне 95 жыл толатын аймақтың ата басылымының тарихындағы абыройлы белес.
Мереке, марапат құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<