Пәкістанда аптап ыстықтан өлім саны артты

259

0

Фото: brecorder.com

Пәкістанның оңтүстігінде ауа температурасы көтерілді, салдарынан зардап шеккендер саны да артты.

Денсаулық сақтау деректері бойынша, Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 адам жеткізілуде, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Эдхи жедел жәрдем қызметінің дерегінше, соңғы 6 күнде Карачиде шамамен 568 мәйіт жиналды, оның 141-і сейсенбі күні тіркелген. Өлім санының өсуіне Карачидегі температура 40°C-тан (104 °F) жоғары көтерілгені және жоғары ылғалдықтан сезілетін ауа 49°C-қа жеткені себеп болды. Жедел жәрдем бөлімінің бастығы доктор Имран Сарвар Шейхтің айтуынша, Карачи азаматтық ауруханасына жексенбіден сәрсенбіге дейін ыстық өткен 267 адам келді. Оның 12-сі көз жұмды.

«Біз ауруханаға келген адамдардың көпшілігі шамамен 60 немесе 70 жаста екенін көрдік, тіпті 45 жастағы, 20 жастағы науқастар да болды», — дейді доктор Шейх.

Симптомдар арасында құсу, диарея және дене қызуының көтерілуі бар. Әсіресе сыртта жұмыс істегендер ауруханаға жиі түскен. Оларға көп су ішуге және жеңіл киім киюге кеңес берілген.

Аптап ыстық демалыс күндері басталған, қалада халыққа көмек көрсету үшін орталықтар мен лагерьлер құрылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<