Алматыдағы автобустың апатқа ұшырауына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған

584

0

Фото: Алма Мұқанова

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына 5:32» сериалының продюсері Анель Сартаева (Уалиева) себепкер болуы мүмкін.

Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды. CMN.KZ жазуынша, «Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. 

Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан адам дүкенен шығып келе жатқан.

Полиция департаменті жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ рөлде әйел адам болғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының таратқан соңғы хабарламасында, автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың алтауы ауруханаға жатқызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<