Қалалық «Жастар» театры «Еңлік-Кебек» трагедиялық қойылымын ұсынды

419

0

Фото: Қалалық мәдениет бөлімі

Айта кету керек Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезовтың шығармашылығынан алынған «Еңлік-Кебек» пьесасына қойылымға сай инсценировка жасаған режиссер, белгілі актер Ұлан Болатбек.

Шығарма желісінде Матай мен Тобықты руының арасындағы жер дауы, жесір дауына ұласады. Сыбан еліне атастырылған Еңлікке, Тобықтының хас батыры Кебек ғашық болады. Оқиға барысында Еңліктің күйеуі оқыс жағдайда қайтыс болып, оны қайын ағасы Есен әмеңгерлік жолмен жар етуді көздейді. Алайда бірін-бірі құлай сүйген Еңлік пен Кебек қосылып, елден қашып кетеді. Екі тараптың билері ұзақ дауласады. Ақырында екеуін өлім жазасына кеседі. Еңлік пен Кебек өз махаббаттары үшін күресіп, бірге қаза табады.

Спектакльдің негізгі идеясы, қазақ қоғамындағы әйел теңдігі, руластар мен рухтастар қақтығысы, махаббат және салт-дәстүр ұстанымдарына негізделген.

Спектакль соңында қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, театр директоры Нұрмат Мансұрға арнайы алғыс хатын табыстап, ұжымға сәттілік тілеп, өз ризашылығын білдірді.

Қойылымның режиссері, театр және кино актерлары Ұлан Болатбек, Шағуан Үмбетқалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<