Туберкулез ауруының 187 жаңа жағдайы тіркелді

249

0

Қызылорда облысында 2024 жылдың 5 айында туберкулез ауруының 187 жаңа жағдайы тіркелді, оның 70%-ы профилактикалық тексеру барысында анықталған. Өкпе туберкулезінің 160 жағдайы орын алып, өткен 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 жағдайға және туберкулездің бациллярлы түрі 16 жағдайға төмендеген. Туберкулездің 85,5% тыныс алу жолдары, оның ішінде 24,5% туберкулездің жұқпалы түрі анықталды. Жыл басынан бері туберкулез ауруының асқыну жағдайлары орын алған жоқ.

Облыста 0-17 жастағылар арасында туберкулез ауруының 22 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 18,6 пайызға немесе 5 жағдайға төмендеген.

Аймағымызда туберкулезге қарсы жаңа туған сәбилерді туберкулезге қарсы егу, тиісті контингенттерді тест сынамаларымен тексеру, халықтың декреттелген топтарын флюрографилық тексерумен қамту оптималды деңгейде (96,0-97,0 пайыз) орындалуда.

Қызылорда облыстық маслихатының шешімімен  емнің сүйемелдеу кезеңінде амбулаториялық емде жүрген туберкулез науқастарына 10 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жолға қойылып,  2014 жылдан бастап облыстық бюджеттен ауқымды қаржы қаралып, науқастар амбулаториялық кезеңде алатын емдерін үзбеу үшін науқастар ынталандырылуда. Нақты айтар болсақ,  2023 жылы –257, 022 млн тг. бөлініп, нәтижесінде науқастар арасында емді бұзу, үзу көрсеткіштері төмендеп, емдеу сапасы жоғарылап келеді. 2024 жылға аталған қаржы көлемі  290 863,6 теңге қаржыға ұлғайтылды.

Туберкулез – жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – науқас адам. Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады. Аурудың негізгі белгілері: екі аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, кеуденің шаншуы, ентігу, салмақ жоғалту, тәбеттің төмендеуі, түнгі тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау.

Алдын алу жолдары:

– туғаннан кейінгі 3-5 күнде жасалатын жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау;

– науқастарды ерте анықтауды ұйымдастыру, ол тәуекел тобындағы балаларға жыл сайынғы туберкулин диагностикасын және ересектер арасында флюорографиялық тексеруді жүргізу кезінде жасалады;

– рационалды және уақтылы тамақтану;

– темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту;

– дұрыс еңбек режимін сақтау;

– салауатты өмір салтын ұстану.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<