Әріптестер мерейі

382

0

«Өнер орталығында» өтіп жатқан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған «Қанатты қалам» іс-шарасында облыстық «Сыр бойы» газетінің қызметкерлері марапат төрінен көрінді.

Атап айтар болсақ, аға тілші Әділжан Үмбет «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленді. Басылым дизайнері Гүлмира Өтешова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Syrboyi.kz» ақпараттық агенттігінің шеф-редакторы Шынар Бекбан «Жаңалық жаршысы» номинациясының иегері атанды.

Еске салайық, кеше Елорда төрінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиал төрағасы Қуат Әбішұлы Шарабидиновті «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапаттады.

Әріптестерімізді құттықтай келе толағай жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<