Қызылордада ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан

75

0

Фото: ria.ru

Қызылордада ер адам мүгедек бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде ұрып-соғу сәті түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зардап шеккен баланың туысының айтуынша, оқиға 28 маусымда облыс орталығының сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.

Кадрда қолында баласы бар ер адамның орындықта отырған жігіттерге жақындап, олардың бірін балағаттай бастағанын көруге болады. Жасөспірім жайбарақат отырғанда, кенеттен ер адам оның басынан бірнеше рет ұрып, сосын тепкілей бастайды. Әйел телефонмен сөйлесіп, не болып жатқанын бақылап отыр.

«Бұл бірінші подъезде тұратын үйдің тұрғындарына қонаққа келген адамдардың ісі. Інім мүгедек болғандықтан үндемейді, көшеге сирек шығады. Сол күні ата-анасымен қонаққа келген бала інімді ренжітіп, аяғынан теуіп жіберді. Содан кейін оқиға болып жатқан жерге екі ер адам мен әйел келді. Олардың бірі алдымен інімді, кейін не болғанын білуге шыққан анамды аяусыз соққыға жыққан. Сосын екеуі болған жайды естіп, көмекке шыққан әкеме шабуыл жасады. Ұрған сәтінің видеосы бар», – деп жазды жәбірленушілердің туысы.

Айтуынша, оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Оның ата-анасы да медициналық көмекке мұқтаж. Аталған факті бойынша тергеу басталды. «Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<