Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр

67

0

Фото: instagram.com/typicaluralsk

Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Қазақпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08.30-да «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған.

«Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара кроссовка киген. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған БҚО департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жігітті көрген, хабары бар адамдар болса, 102 телефонына қоңырау шалуы сұралады», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында автокөлік қағып кеткен ер адамның мерт болғанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<