«Ауыл» партиясының өкілдері Қызылорда облысында

75

0

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары, «Ауыл» партиясының төрағасы С.Егізбаев, төраға орынбасары Ж.Дайрабаев, сондай-ақ Е.Саурықов Қармақшы ауданында болды.

Онда жергілікті «Қайнар» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Айта кетейік, мал, құс және балық шаруашылығымен айналысатын қожалық иелігінде жалпы аумағы 44 гектар жер бар.

Одан кейін әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді. Мемориалдық мұражайдағы құнды жәдігерлер мен кешен аумағындағы желмен үндескен қобыз ескерткішін, қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.

Сонымен қатар, кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<