Астанабек, Астанадин, Астанат, Астанақұл: Елордаға орайластырып қойылған қанша есім бар

81

0

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Мұндай есімді адамдардың басым бөлігі ерлер — 17 адам. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар.

Бұлар – Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<