Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызы артық салмақпен жүр

86

0

Фото: Pexels

Астанада өтіп жатқан «Capital Health» тұңғыш ұлттық форумында ҚР Қоғамдық тамақтандыру бірлестігінің төрағасы Вероника Нұрпейісова балалардың денсаулығы мәселесіне тоқталды.

Оның айтуынша, елімізде 6 мен 9 жас аралығындағы қазақстандықтардың 21 пайызы артық салмақтан зардап шегеді.

0-ден 14 жасқа дейінгі балаларда ас қорыту жүйесінің аурулары екінші орында тұр. 

Мәселені шешу үшін ДДСҰ сарапшылары бүкіл мемлекеттерге балалар арасындағы семіздікпен күресуді ұсынады.

Соның ішінде жеміс-көкөністің қолжетімді болуын қамтамасыз ету және витаминизациялауға баса мән берілуі маңызды.

«Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге мектеп және мектепке дейінгі тамақтану стандарттарын қайта қарау және технологиялық карта жасау мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Үш аймақта мектеп оқушыларының тамақтануын бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр», – деді В.Нұрпейісова.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін былтыр Атырау облысында 140 балаға семіздік диагнозы қойылғанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<