Қазақстандық тағы бір танымал әнші қамауға алынды

76

0

Фото: instagram.com/abdizhappar_khoja

Белгілі қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін Алматы облыстық сотының шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 6 шілдеде тәртіп сақшылары Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

«Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізген кезде KIA Сarnival автокөлігі келді, оның жолаушысы азамат М. (Әбдіжаппар Әлқожа) полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушының рәсімделуіне кедергі жасай бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарсылық көрсетті. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның «орташа» дәрежелі мас күйі расталды», – деп хабарлады ведомстводан.

Нәтижесінде көлiк құралын басқару құқығынан айырылып көлiкті басқарғаны үшін Toyota Camry жүргізушісі 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ сот шешімімен KIA Carnival жолаушысы Әбдіжаппар Әлқожа құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін ол да 10 тәулікке қамалды.

Осыған дейін көліктегі Полиция департаменті Қайрат Нұртастың үстінен «Алматы-Астана» әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған еді. 

Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты танымал әншінің ісін онлайн қарады және сол жерде Қайрат Нұртас мәлімдеме жасады. 

Кейін соттың қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<