Ақмая және Тұран ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

112

0

Фото: Облыстық сайлау комиссиясы

Кеше яғни 7 шілде күні Шиелі ауданының Ақмая және Тұран ауылдық округтері әкімінің сайлауы өткізілді.

Таңғы сағат 07:00-де 2 учаскеде дауыс беру басталып, әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, ауыл әкімі болуға ниетті кандидаттар арасынан өз таңдауларын жасады.

Негізінен, Ақмая ауылдық округінде 1518 сайлаушы, Тұран ауылдық округінде 1902 сайлаушы дауыс беруге құқылы болды.

Бюллетень тізіміне енген 5 кандидаттың 1-і саяси партия, 4-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсті.

Ақмая ауылдық округі бойынша дауыс беруге 1211сайлаушы қатысты. Кандидат Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлына 1113 дауыс, кандидат Нурильдаев Жандос Нурбаевқа 98 дауыс берілді.

Дауыс беру қорытындысымен Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ғалымжан Қайырбекұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Шиелі кенті әкімінің аппараты» КММ, кент әкімінің орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған.

Тұран ауылдық округі бойынша дауыс беруге 1546 сайлаушы қатысты.

Кандидат Қадыров Нұржан Исабекұлына 117 дауыс, кандидат Оспанов Дәурен Әуезұлына 109 дауыс, кандидат Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлына 1320 берілді.

Дауыс беру қорытындысымен Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы Шиелі ауданы, Тұран ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Мақсұт Әзімханұлы 1966 жылы туған, ұлты қазақ, «ТЖӨҚ- Құрылыс» ЖШС-нің бөлімінің аусым бастығы, Шиелі ауданы, Тұран ауылында тұрады, сайлауға өзін-өзі ұсыну жолымен түскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<