Қазақстан Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді

103

0

Фото: видеодан кадр

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қазақстандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен қырғызстандықтарға қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, Ош облысына бет алады. Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Мады, Датка және Баш-Булак елді мекендерінде 642 тұрғын үй, төрт мектеп, балабақша, екі аурухана, мұражай және медициналық пункт су астында қалды. Ошта 146 тұрғын үй мен балабақша зардап шекті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<