Су ресурстары және ирригация министрі Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді

259

0

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шиелі ауданына атбасын бұрды.

Шиелілік шаруа қожалық төрағаларының қатысуымен өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аудан әкімі Нұржан Ахатов, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалының директоры Ролан Ахметов қатысты.

Аудан әкімі Шиелі ауданының егіншілік саласы бойынша оң көрсеткіштерін атап өтіп, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 27,6 млн. теңге несие алып, қызанақ пастасын өндіру цехын ашқан «Барлыбай және К» өндірістік кооперативінің иесі Қанат Мұсаевты таныстырды. Сондай-ақ, жоба аясында аудан бойынша 548 млн теңге қаражатқа 75 жоба қаржыландырылғанына тоқталды. Су ресурстары және ирригация министрі атқарылған істерге оң баға беріп, «Ауыл аманаты» арқылы іске асқан жобалардың санын әлі де көбейту қажеттігін атап өтті. Мұнан соң, ауданда іске асып жатқан тағы бір жоба, «Таң ЛТД» ЖШС-нің 3000 гектар жерге тамшылатып суғару әдісімен дәндік жүгері егу жобасы да министрге таныстырылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында шаруа қожалық төрағалары су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, ұсыныстарын жеткізді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<