Еліміздегі алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берушілерді қабылдаған сайлау учаскелері жабылды.
Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау 07:00-де басталды. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтті.
Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica партиясының тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.






