Аудан әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

5

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі №287 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Қазіргі таңда Шиелі ауданында барлығы 41 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 14-і аудан орталығы – Шиелі кентінде орналасқан. Аудан бойынша Құрылтай сайлауына 49 541 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау үдерісі белгіленген тәртіппен жүргізілуде.

Сонымен қатар Шиелі кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 3 бағыт бойынша қоғамдық көлік тегін қатынауда. Бұл сайлаушылардың сайлау учаскелеріне еркін әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік беріп отыр.

Бұдан бөлек, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық алаңда және орталық сапаржайда Құрылтай сайлауына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылуда.

Сайлау күнінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында бірқатар мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Сайлау учаскелерінің маңында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар – бауырсақ, айран және басқа да дәмдер ұсынылуда.

Шиелі ауданында Құрылтай сайлауына қатысу белсенділігі жоғары. Тұрғындар өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытуда.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі