Елімізде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берудің сағат 12:00-дегі алдын ала нәтижелері жарияланды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 670 816 азамат бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 37,05 пайызын құрайды.
Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда өтіп жатқан Құрылтай сайлауында дауыс беру учаскелерінің басым бөлігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.
Сайлау барысы жалғасуда. Дауыс берудің қорытынды нәтижелері Орталық сайлау комиссиясы тарапынан кейінірек жарияланады.





