Шиелідегі сайлау учаскелерінде ұлттық дәм ұсынылуда

10

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Шиелі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, ерекше көңіл-күй қалыптасуда.

Сайлауға келген тұрғындарға ақ дастархан жайылып, бауырсақ, айран және өзге де ұлттық тағамдар ұсынылуда. Бұл – ел үшін маңызды науқанға өзіндік сән беріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен қонақжайлығын дәріптейтін игі бастама.

Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайлау учаскелерінде тұрғындар өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытуда.
Шиелі ауданында дауыс беру үдерісі ұйымдасқан түрде жалғасуда.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі