Қызылорда қаласындағы №390 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері дауыс берушілерге ұлттық киіммен қызмет көрсетуде.
Еліміздегі маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы күні таңғы сағат 07:00-де басталды.
Ұлттық киім кию арқылы комиссия мүшелері қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп, дауыс берушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.
Дауыс беру күні өңірде ұлттық киіммен келіп дауыс берген сайлаушылар да аз емес.





