70 жастағы Серікқазы Қанзадаев алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасап, ақ батасын берді

5

0

Жалағаш кентіндегі №132 сайлау учаскесінде Республика көлемінде бастау алған Құрылтай сайлауына алғашқылардың бірі болып келген 70 жастағы Серікқазы Қанзадаев өз таңдауын жасады.

«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұған дейін де көптеген саяси науқандарды өткердік. Бұл жолғы Құрылтай сайлауының мәні бөлек. Халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтеді. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде тек татулық пен бейбітшілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деп ақ батасын берді.