Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтеді.
Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел басқару ісіне араласуына, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан.
Бүгін еліміз бойынша сағат 07.00-ден бастап барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталады.
Шиелі ауданында барлығы 41 сайлау учаскесі жұмыс істеп, 49 500 ден астам дауыс беруші өз таңдауын жасайтын болады.
Бірер минуттардан кейін барлық сайлау учаскелерінде Мемлекеттік Әнұран орындалып, дауыс беру жәшіктері қойылып, учаскелер өз жұмыстарын бастайды.
Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына жасалған таңдау.





