Кәсіпкерге кеңес – өз ауданында

4

0

Аудандарда кәсіп жүргізіп жүрген азаматтар мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңес алу үшін облыс орталығына арнайы келмей-ақ, қажетті ақпаратты өз ауданында ала алады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мобильді фронт-офисі бекітілген кесте бойынша аудан орталықтарына барып, жергілікті кәсіпкерлерге кеңес беріп келеді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамы­ту қорының ақпараты бойынша, мобильді фронт-офистер жоба­сы Мемлекет басшысының ша­ғын және орта бизнесті қолдау шараларымен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бастама биыл наурыз айында жарияланып, шілде айынан бас­тап Қызылорда облысында нақ­ты жұмысын бастады.

Жобаның басты мақсаты – аудан кәсіпкерлерінің мемле­кет­тік қолдау бағдарламаларына қол жеткізуін жеңілдету. Бұған дейін кеңес алу немесе қаржы­ландыру тетіктері жөнінде то­лық ақпарат білу үшін Қызыл­орда қаласына келуге тура кел­се, енді мамандар аудан орта­лықтарына өздері барады. Бұл кәсіпкерлердің жолға жұм­сайтын уақыты мен шығынын азайтып, қажетті қызметті тұр­ғылықты ауданына жақын жер­ден алуына мүмкіндік береді.

Мобильді топ құрамында «Даму» қорының консультант­тарымен бірге жергілікті атқа­рушы органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы­ның және екінші деңгейлі банк­тердің өкілдері жұмыс істейді. Мамандар аудан орталығында кәсіпкерлерді қабылдап, биз­нес­ті бастау, жобаны кеңейту, несие рәсімдеу, кепілдік алу және мемлекеттік бағдарла­ма­ларға қатысу мәселелері бойын­ша түсіндіру жұмыстарын жүр­гізеді.

Кездесу барысында әр кә­сіпкер өз жобасына қатысты сұ­рағын қойып, жеке кеңес ала ала­ды. Сондай-ақ мамандар қол­даныстағы бағдарлама­лар­дың талаптарын, қажетті құжат­тарды әзірлеу тәртібін және өті­нім беру кезеңдерін түсінді­реді. Кейбір қолдау бағыттары бо­йын­ша өтінімдерді аудан орта­лығында қабылдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Қызылорда облысында мо­бильді фронт-офистің сапарла­рымен барлық жеті аудан орта­лығын қамту жоспарланған. Шілде айында басталған қабыл­даулар қыркүйекте қайта жал­ғасады. Осыған байланысты өңір бойынша жаңа сапар ба­ғыты мен кестесі әзірленеді. Әр ауданға бару мерзімі алдын ала жарияланып, кәсіпкерлер белгі­ленген күні аудан орталығын­дағы қабылдауға қатыса алады.

Кәсіпкерлерге несие бойын­ша пайыздық мөлшерлемені суб­сидиялау, кепіл мүлкі жеткі­ліксіз болған жағдайда кепілдік беру, жеңілдетілген несие мен ли­зингтік қаржыландыру алу мүмкіндіктері түсіндіріледі. Со­нымен қатар жаңа бастаған кә­сіпкерлерге арналған микро­қаржыландыру, экспорттық жо­баларды қолдау, өңдеу өнер­кәсібін дамыту, оқыту және жо­баларды сүйемелдеу бағыттары бойынша ақпарат беріледі.

Мобильді фронт-офис ар­қылы кәсіпкерлер «Даму» қоры­ның ғана емес, «Бәйтерек» ұлт­тық басқарушы холдингіне қа­расты басқа да ұйымдардың қол­дау құралдарымен таныса алады. Олардың қатарында Қа­зақстанның Даму Банкі, Өнер­кәсіпті дамыту қоры, Экспорт­тық-кредиттік агенттік және Qa­zaqstan Investment Corporation ұсынатын бағдарламалар бар.

Бұл жұмыс әсіресе аудан кә­сіпкерлері үшін тиімді. Өйткені көптеген азамат мемлекеттік бағ­дарламалардың мүмкін­дік­тері туралы толық біле бермейді немесе құжаттарды рәсімдеу барысында қиындықтарға кез­деседі. Мобильді топ өкілде­рімен тікелей жүздесу арқылы кәсіпкер өзіне қажетті қолдау бағытын анықтап, әрі қарай ат­қаратын қадамдары жөнінде нақ­ты ақпарат алады.

Қызылорда облысының жеті ауданын қамтитын кезекті са­парлар қыркүйек айында өтеді. Аудан орталықтарындағы қа­былдау орындары мен уақыты туралы ақпарат «Даму» қоры­ның ресми сайтында және әлеу­меттік желілердегі парақшала­рында алдын ала жарияланады. Осылайша, аудан кәсіпкерлері облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі кеңес пен қажетті кө­мекті өз аудан орталығында ала алады.

«СБ ақпарат»