Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

3

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мем­лекет мүддесіне пайдалану қажеттігін айтты.

– Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін жеткізді. Бұл бағыт жоғары техно­логиялық салаларды дамыту тұрғысынан стра­те­гиялық маңызға ие. Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытқаны жөн.

Жиын барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перс­пективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер туралы есеп берді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға саланы да­мытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық бар­лау мен өңдеу ісін дамыту, техногенді ми­нералдық түзілімдерді экономикалық айна­лымға қосу, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайту, сондай-ақ әкімшілік кедер­гілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.