Тыл ардагері Киікбай Смайылұлы өз таңдауын жасады

4

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін тыл ардагері, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Киікбай Смайылұлы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

Ғибратты ғұмырын елдің дамуы мен туған жердің өркендеуіне арнаған ардагер сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдірді.

Киікбай Смайылұлы ел өміріндегі маңызды науқанға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

Ақсақал кейінгі буынға ел бірлігін сақтап, қоғамдық өмірге белсенді араласудың маңыздылығын айтып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тіледі.

Шиелі ауданында ардагерлермен қатар, әр буын өкілдері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі