Сыр еліндегі сайлаушылардың 81,38 пайызы дауыс берді

3

0

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің сағат 16.00-дегі алдын ала қорытындысы жарияланды.

Сыр өңірінде сайлаушылардың 81,38 пайызы дауыс беруге қатысты.

Айта кетейік, Қызылорда облысында сайлаушылар тізіміне 500 591 азамат енгізілген. Өңірде 386 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады.