109 сall орталық диспетчерлері 327 қоңырауға жауап берді

4

0

Құрылтай сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.

4 ауысыммен жұмыс істейтін диспетчерлер сайлауда 327 қоңырауға жауап берді.

Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.

Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды, – дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.