Құрылтай сайлау күні Шиеліде 6 сәби дүниеге келді

3

0

Құрылтай сайлауы күні Шиелі ауданында қуанышты жаңалық орын алды. Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 6 сәби дүние есігін ашты.

Олардың 4 ұл бала , 2 қыз бала. Дүниеге келген нәрестелердің ата-аналарына ақжолтай қуаныш, сәбилеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қос қуаныш қатар келген ерекше күнде дүниеге келген сәбилердің өмірі бақыт пен берекеге толы болсын. Әрбір шаңыраққа шаттық сыйлаған кішкентай періштелердің қадамы құтты болғай!

Сәби үнімен ажарланған бүгінгі күн – елдің ертеңіне деген жарқын сенімнің белгісіндей.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі