Құрылтай сайлауы: Әжелер ансамблі сайлау күнін әнмен өрнектеді

3

0

Құрылтай сайлауына қатысқан «Әжелер ансамблінің» барлық мүшесі бірге өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Ақ жаулықты әжелердің сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келіп, азаматтық белсенділік танытуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Өнерлі ұжым дауыс бергеннен кейін дәстүрлі әндерді орындап, жиналған тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ансамбль мүшелері ұлттық өнерді насихаттап қана қоймай, кейінгі буынға өнеге көрсетіп келеді. Әжелердің сайлауға бірге қатысуы – ел өміріндегі маңызды шараға аға буын өкілдерінің белсенді араласуының жарқын үлгісі.