Нейрохирургиялық күрделі оталар жасалды

115

0

Фото: Көпбейінді облыстық аурухана

Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлерімен бірге күрделі оталар жасалды.

Білікті мамандарды аурухана директоры Жасұлан Баймаханов пен директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және Травмотология бөлімінің меңгерушісі Айдос Сапаров қарсы алып, Травмотология бөлімінің жұмысымен таныстырды.

Аймағымызға арнайы келген тәжірибелі дәрігерлермен бірге ем алушылардың омыртқа жотасына нейрохирургиялық күрделі оталар жасалды. Омыртқа жотасын бекіту, сүйектерді бекіту оталары сәтті аяқталды.

Отаға аталған орталық директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты травматолог – ортопед дәрігер Бекарисов Олжас Сапарғалиұлы, Стратегиялық және өңірлік даму, мониторинг және талдау орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Искаков Ержан Сағиұлы және жоғары санатты нейрохирург-дәрігер Байдарбеков Мұрат Өмірханұлы, сонымен қатар, ауруханамыздың нейрохирург дәрігерлері Алмас Абдукаликов, Нұржан Байдүйсенов, Ануар Қосбармақов та отаға қатысып, тәжірибе алмасты.

Дәрігерлер отадан кейін оянған науқастардың жағдайын білді. Тағайындалған ем-дом мен көрсетілетін медициналық қызметтерді талқылады.

Облыс тұрғындары басқа қалаларға бармай-ақ күрделі оталарды Көпбейінді облыстық ауруханада жасатуына болады. Алдағы уақытта жаңа технологиямен жасалатын жаңашыл нейрохирургиялық күрделі оталарды біздің ауруханамызға да енгізу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<