Қазақстан асық атудан жеңімпаз атанды

79

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<