Құрақ құрап, рекорд орнатты

539

0

Астанада өткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарынан тағы бір ақжолтай жаңалық жетті. Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы ауыл тұрғыны Айнұр Жолымбетова аламан құрақ тігіп, тігіншілер арасында рекорд орнатқаны үшін «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабының сертификатымен марапатталды.

Кілем тәріздес жайылған 450 көрпенің жалпы көлемі 11200 шаршы метр, ені 16 қатар яғни 40 метр, ұзындығы 28 қатар – 252 метр. Көрпеге «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және төртқұлақ қошқар мүйіз, өсімдік оюлары қолданылған.

Құрақ құрау – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Оны әжелеріміз бен аналарымыз  қыздарына, немерелеріне құрақтай құралсын, өсіп-өнсін деген тілекпен жасаған. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді, біріншіден матаның қиындыларын кәдеге жарату, екіншіден қыз баланы сәндікке, шыдамдылыққа, ісмерлікке баулу. Құрақта мата бөлшектері симметриялы, түстер үйлесімді орналасуы керек. Бәрі белгілі бір ретпен, тәртіппен құралса,  сәнді болып көрінеді.

Қолөнерші жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<