Қосымша оқу ғимараты – көп мәселенің шешімі

1475

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде №252 мектеп-гимназияның 375 орындық қосымша оқу ғимаратының құрылысымен танысты.

Аудан орталығындағы мектеп-гимназия 1967 жылы салынған, екі қабатты, газбен жылытылады. Наурыз айында 375 орындық, үш қабатты қосымша оқу ғимаратының құрылысы басталған. Бас мердігер «Ахат+ГС» ЖШС, жоба құны – 625,6 млн теңге. Аймақ басшысы құрылысты сапалы әрі жылдам жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылында Шиелі ауданының «Жансейіт» елді мекенінде 100 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Аудан орталығында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» құрылысы жақын арада басталмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық мектеп салынады.

Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесі мен көпбейінді орталық аудандық ауруханаға қосымша ғимарат қосылып, қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Өткен жылы Бала би, Досбол датқа, «Бұланбай бауы» елді мекендерінде медициналық амбулаториялар пайдалануға берілді. Биыл облыс аумағында қолға алынған 11 дәрігерлік амбулаторияның 5-уі «Алмалы», Тәжібаев, «Ортақшыл», «Тартоғай», «Бестам» ауылдарында бой көтермек.

Шиеліде «Руханият орталығының» құрылысы қарқын алды. Атап өту қажет, дәл осындай ғимараттар өңірдің барлық ауданында салынуда. Орталықтар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<