Байқоңыр қаласының прокуратурасы жергілікті аурухананың ұжымдық шартында заң талаптарына қайшы келетін нормаларды анықтады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, міндетті медициналық және зертханалық тексеруді қызметкерлердің өз қаражаты есебінен өтуі көзделген.
– Бұл жағдай зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне заңда көзделген кепілдіктерге қарамастан қосымша қаржылық жүктеме түсірген.Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде ұжымдық шартқа өзгерістер енгізіліп, міндетті медициналық қарап-тексеруді жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізу тәртібі белгіленді, – делінген хабарламада.
Осылайша 444 медицина қызметкерінің еңбек құқығы қалпына келтірілді.






