Полиция қызметкерлеріне құрметсіздік танытқан қызылордалық қамауға алынды (видео)

31

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сәбит түнгі уақытта тыныштықты бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен қыз әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынды және ресми ескерту берілді.

Қабылданған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшірді.

Полиция ескертеді: полиция қызметкерлеріне құрметсіздік таныту, арандатушылық әрекеттер жасау және жалған ақпарат тарату заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салайық, бұған дейін аталған қыз әлеуметтік желілерде өзін «күлгені үшін» жауапкершілікке тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне құрметсіздік танытқан.