Шығыс Қазақстан облысындағы Шалқар көліндегі жартасқа туристер жазу жазып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлер оқиғаны түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл жайт қызу пікірталас тудырды.
Шығыс Қазақстан полициясының мәліметінше, оны шетелдік азаматтар салып кеткен. Заңбұзушылар анықталды.
«Полиция қызметкерлері үшінші Шалқар көліндегі жартастың баурайында «Санкт-Петербург» деп қашап жазған шетелдік азаматтарды анықтады. Қылмыскерлерге қатысты заңдық шаралар қолданылды, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу” бойынша айып тағылды. Оларға түсіндіру жұмысы жүргізілді», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан полициясы.
Сонымен қатар шетелдік азаматтарға жазуды кетіріп тастау тапсырылды.






