Қызылорда үздік үштікте

11

0

Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауы күні Қызылорда облысындағы 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарды. Өңірде 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген. Қызылорда қаласында 132 учаске бар.

Азаматтардың учаскесін анық­тауға арналған 4 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметімен айна­лы­сатын 5 учаске жұмыс істеді. Қимыл-қозғалысы қиын мүге­дектігі бар азаматтарды тасы­мал­дау үшін 67 инватакси, 45 сурдо­аудармашы ымдау тілі қызметін көрсетті.

Сайлаушылар дауыс беру учас­кесін нақтылау үшін Call-орта­лыққа (109) және «Өзіңді сайлау­шылар тізімінен тексер» сер­висіне (saylau.orda.gov.kz/ru) жүгінді. Әр азамат жеке сәйкестендіру нөмірін теріп, қай сайлау учаскесінде тіркелгенін және сол учаскесінің қай мекенжайда орналасқанын картадан онлайн көрді.

Қызылорда үздік үштікте

Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қо­сым­­шасы ар­қылы тексеру мүмкіндігі қарас­тырылды.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Құзы­рет­тілік орталығындағы» №222 сайлау учас­­­кесіне барып, Қазақстан Республикасы Құ­рыл­­тай депутаттарының сайлауында дауыс бер­ді. Тұрғындармен кезде­сіп, пікір­лерін тыңдады.

– Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлт­тық құрылтайдың қо­ры­тын­ды бесінші отыры­сын­да Пре­­зидентіміз еліміздің ал­­дағы стра­­тегиялық бағытын айқын­дап, консти­туциялық рефор­ма­­лар­ды ұсынған бола­тын. Жал­пы­ха­­лық­тық референдум арқы­­лы қа­былданған жаңа Консти­ту­ция­мыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаң­ғыртуға мүмкіндік берді.

Бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутат­тары­ның сайлауы – Әді­летті әрі Қуатты Қазақ­станның жаңа бағдарын айқындайтын тари­хи оқиға. Жаңа Құрылтай Пар­ламенттік жүйенің тарихи сабақ­тастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қыз­мет етеді. Сыр жұртшылығы еліміздің ер­теңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, өнер­паздар әннен шашу шашты.

Құрылтай сайлауына дауыс берудің ал­ғашқы екі сағаттағы, яғни сағат 10:00-де жария­ланған алдын ала деректері бойынша Қызылорда облысы көш басында тұрды. Сағат 12:00, 14:00, 16:00-дегі көрсеткіште де бірінші орында болды. Ал 18:00-де үздік үштікті қоры­тындылады.

Дауыс беру аяқталған сағат 20:00-дегі алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы тұр­ғындарының 90,75 %-ы дауыс беріп, республикада үшінші орын­ға шықты.