Қазақстандық сейсмологтер Пәкістан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі 25 тамызда Астана уақытымен сағат 06:18-де, Гринвич уақытымен 01:18-де болған.
Оның эпицентрі 34,13° солтүстік ендік пен 70,11° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 35 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,6, магнитудасы 4,9 деп бағаланды.
Айта кетейік, бұған дейін 24 тамызда Астана уақытымен сағат 19:31-де Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінісі тіркелген.






