Жерлестердің жеңісі: Спорт пен ұлттық өнердің жарқын жетістіктері

74

0

Фото: Қармақшы ауданы

Кеше Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Көшпенділер ойындарында белбеу күресінен сынға түскен жерлесіміз, Алдашбай ахун ауылының тумасы, Әбілтаева Назерке Зауытқызы қола жүлдеге ие болса, Т.Көмекбаев атындағы ауыл тұрғыны Айнұр Жолымбетова аламан құрақ тігіп, тігіншілер арасында рекорд орнатқаны үшін «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабының сертификатымен марапатталды.

Аудан басшысы жерлестеріміздің бұл жеңістері ауданымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің жеңісі екенін ерекше атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, белбеу күресінен қола жүлдегер атанған Н.Әбілтаеваға қаржылай сыйақылар табысталып, құрмет көрсетілді.

Одан кейін, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін бідіріп, батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<