Көшпелі әдеби алаң Қазалыда

242

0

Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қазалыда балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Жауқазын жүрек» атты І облыстық көшпелі әдеби алаңы өтті.

Шығармашылық пен рухани азық аларлық шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық білім бөлімінің әдіскері Жазира Оңғарова, жергілікті мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері атсалысты. Байқау «Ертөстік» ертегісінің желісі бойынша қойылыммен, «Ойын арқылы таңғы ас ұсыну», «Ертегілер әлемі» композициясымен ашылды.

Одан бөлек, «Ертегі-квест», «Ертегі ғылым әлемінде», «Креативті болжау» кезеңдерін қамтыды. Ауқымды шараға «Дарын» орталығы директорының орынбасары Гүлжаһан Ізбасарова және ардагер ұстаз Айжаһан Ысқақ, мұғалім Амангелді Кенжебайұлы төрелік етіп, дарынды оқушыларды марапаттады. Сонымен бірге Арал ауданының ұстаздарына көшпелі алаң статуэткасы табыс етілді.

Байқауға атсалысқан ұстаздар «Дарын» орталығы мен Қазалы аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Сағыныш МҰХИТҚЫЗЫ,

№ 266 мектеп-лицей мұғалімі.

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<