Қызылорда қаласының бас жоспарын жаңадан әзірлеу жобасы талқыланды

316

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратовтың төрағалығымен бас жоспарды жаңадан әзірлеу жобасы бойынша жиын өтті. Жиынға басқарма басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, жобалаушы мекеменің өкілдері қатысты.

2025 жылы Бас жоспардың қолдану мерзімі аяқталуына байланысты биыл Қызылорда қаласының бас жоспарын жаңадан әзірлеу үшін ашық конкурс жарияланып, нәтижесімен Алматы қаласының «Казгипроград» 1 жобалау институты ЖШС-і жеңімпаз атанды.

Жиында «Казгипроград» 1 жобалаушы мекеменің директоры Ілияс Темірбаев республика бойынша көптеген компаниялардың оң пікірлерін, осы саладағы бай тәжірибесін атап өтіп, қазіргі таңда жоба бойынша бастапқы ақпаратты жинау және қолда бар материалдарды нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатқанын жетізді.

Қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Сыражадинұлы бас жоспарға өзгерістер енгізу барысында ирригациялық жүйелер мен инфрақұрылыммен қамту, тұрғын үй құрылысы мәселелеріне айрықша ден қойып, қаланың дамуына қатысты барлық есептеулер мен талдаулар мұқият назарға алыну керектігін ескертті.

Сондай-ақ, осы жұмыстарды сапалы орындау мақсатында кент, ауыл әкімдеріне, бөлім басшыларына, коммуналдық мекемелерге бастапқы ақпаратты ұсыну жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<