Сәтті ота: Некротикалық энтероколитпен күрескен нәресте үйіне шығарылды

158

0

Фото: Перинаталдық орталық

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні 1330 грамм болып туылған нәресте ауыр жағдайға тап болды. Үшінші тәулікте ішінің үрленуі мен әлсіз ішек перистальтикасына байланысты рентген түсіріліп, «Некротикалық энтероколит, ІІІ сатысы» диагнозы қойылды. Нәресте жедел түрде лапароцентез жасалып, іш қуысына дренаж қойылды.

Хирургиялық емдеу және екі апта бақылаудан кейін, жағдайы жақсарып, тамақтануы реттеліп, үлкен дәретінің шығуы қалпына келді. 15 қазан күні нәресте толық сауығып, анасымен бірге үйіне шығарылды.

Бұл ауыр сынақты сәтті жеңіп шығуына неонатальды хирург Маханбетияров Болат Үмбетиярұлы, көмекші хирург Нүсіпқожаев Серік Кеңесұлы, балалар анестезиологы Самсонов Игорь Михайлович және неонатолог Мереке Жаңабаевна Алтынбекова жетекшілік етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<