ТӨМЕН ЖАЛАҚЫҒА ЖАҢА ЖЕҢІЛДІК

355

0

    Елбасының бес ­әлеу­меттік бастамасының екін­­шісі – жалақысы төмен азамат­тардың салықтық жүктемесін азайтуға бағытталды.

«Айлық жалақысы 25 есе­ленген айлық есептік көр­сеткіштің мөлшерінен төмен қыз­меткер үшін табыс салығының мөлшері 10 есеге азайтылатын болады. Және бұл тәртіп 2019 жылдың 1 қаңтарынан қол­данысқа енуі керек», – деді Президент.

Биылғы жылға айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2405 тең­гені құрайтынын ескерсек, бұл талап 60125 теңгеге дейінгі мөлшерде жалақы алатындарға қатысты болмақ. Мысалы: 50 мың теңге жалақы алатын қызметкердің жалақысынан ұсталатын табыс салығы, қазіргі кезде, салық салынбайтын та­бы­сын және шегерімдерін қо­са есептегенде, 1672 теңгені құрап отыр, келесі жылы ол 167 теңгеге тең болады.

Елбасының бұл бастамасы жалақысы төмен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. Ал олардың үлесі барлық жұмыс жасап жүргендердің үштен бір бөлігін құрап отыр.

Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінің де­рек­теріне сүйенсек, 2017 жылдағы бір қызылордалықтың орташа жалақысы 110000 теңге көлемінде болған. Алайда бұл – бізде төменгі мөлшерде жалақы алатындар жоқ деген сөз емес.

Қазақстанда халықаралық стан­дарттар деңгейінен қара­ғанда жеке тұлғалардың та­бы­сына салынатын салық тө­менгі мөлшерлі ставкалар қа­тарына жатады. Табыс салығы мемлекеттің салық жүйесінің айтарлықтай бөлігін құрайды және әлеуметтік-экономикалық міндет­терді шешуге өзіндік ықпалы бар тетік болып саналады. Осы орайда, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесінде азаматтардың табысына салынатын салықтың өсу шкаласы ұтымды шешім болып саналып келеді.

Елбасы Үкіметке «бұдан әрі қарай табыс салығының өсу шкаласын ендіру бойынша жұмыс жасауды» тапсырды. Бұл дегеніңіз, жалақы жоғарылаған сайын табыс салығының мөлшері көтерілетін болады деген сөз.

Темірлан ҚОЖАНАЗАРОВ,

облыс бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

басқарма басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<