«Жұлдызай» фестивалі балаларды шақырады

708

0

2018 жылдың 12-16 наурыз аралығында мүмкіндігі шектеулі балалардың ХІІІ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылық фестивалінің аудандық, қалалық іріктеу кезеңі өтеді.

Шығармашылық фестивалі 10-18 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қоғам, бизнес-құрылым өкілдерінің назарын аударту мақсатында ұйымдастырылады. 
Балалар ән айту, би билеу, қолөнер, сурет, ыммен ән айту, аспапта ойнау номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетуде. Фестивальдің облыстық іріктеу кезеңі сәуір айының басында өткізіледі деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<