Мамандар мұнайшылармен кездесті

272

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары 2-16 сәуір аралығында аймақтағы мұнай кеніштеріндегі жұмысшылармен кездесулер өткізді. 

«Зайырлылық және дінаралық қағидаттардың арақатынасы» тақырыбындағы шарада зайырлы мемлекет пен конфессияаралық қарым-қатынастар, рухани келісімнің рөлі, толеранттылықтың маңызы және деструктивті діни ағымдарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Атап айтқанда, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС, «CNPC АйданМұнай» ЖШС, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ҚОР» МК АҚ, «Саутс Ойл» ЖШС және «ТорғайПетролеум» АҚ-на қарасты кеніш орындарында.   

 

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,

    «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<