Тілге құрмет – елге құрмет

508

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы он жылға жуық уақытта облыста өз орнын тауып, қызмет сапасының жоғарылығымен маңызын күн санап арттыра түсуде. 5547 әскери бөлімі жыл бойы ұйымдастыратын шараларға орталық қызметкерлерін тартуды дәстүрге айналдырған.
Бүгінгі таңда орталық мамандары мемлекеттік және ағылшын тілдері бойынша дәріс оқып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытындағы шараларды жүзеге асыру жолында орталықпен жасалатын жоспарлы жұмыстар бүгінгі күні күн санап артып келеді. Аймақтық семинарларда орталық мамандары, тіл мамандары шеберлік сабақтары мен әдістемелік қоржынын ұсынудан жалыққан емес. Сайыс түріндегі шараларға әділ қазылық жасап, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің тұғыры биік екенін үнемі еске салып, бұл жолда асқан ыждағаттылық керек екенін түсіндіріп отырады.
Сөз соңында айтарымыз, «тілге құрмет-елге құрмет» деген бабамыздың байыпты тағлымын жауаптылықпен, табандылықпен ұстанып жүрген орталық ұжымына алдағы уақытта да әріптестік қатынаста болатындығымызды айта отырып, қызметкерлердің еңбегіне толағай табыс, абыройлы қызмет тілейміз.
Рәзия Мұхамеджанова,
лейтенант,
5547 әкери бөлімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<